21:00, 07 Тамыз 2013 | GMT +5
Қарағандыда қала әкімдігі жанында терроризмге қарсы комиссия құрылды
ҚАРАҒАНДЫ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда қала әкімдігі жанында терроризмге қарсы комиссия құрылды.

Бүгін қалалық мәслихаттың ХХII кезекті сессиясында депутаттар аталған комиссияның құрамын бекітті.
Қабылданған шешімде депутаттар терроризмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық құжаттарға, соның ішінде, ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» жарлығына сілтеме жасайды.
Терроризмге қарсы комиссияны Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов басқаратын болады. Оның құрамына мемлекеттік қызметкерлер, күш құрылымдары және құқық қорғау органдарының, «Орталық» аймақтық командованиесі, төтенше жағдайлар, дін істері жөніндегі және әділет басқармаларының өкілдері кіреді.