Қарағандыда КамАЗ 11 жасар баланы қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда КамАЗ қағып кеткен 11 жасар бала ажал құшты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«27 наурызда Қарағандының Октябрьский ауданында «КамАЗ» жүк көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жолдың жиегінде жүрген 11 жастағы баланы соғып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жарақаттанған бала оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram