20:07, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қарағандыда кәмелетке толмаған жасөспірімге темекі сатқаны үшін 7560 теңге көлемінде айыппұл салынды
ҚАРАҒАНДЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды қаласында кәмелетке толмаған жасөспірмге темекі сатқан дүкеннің сатушысы 7560 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты хабарлады.
«Сот дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін Б. деген азаматшаға қатысты әкімшілік істі қарап шықты. Ол ҚР Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодексі 114 бабының 1 бөлігіне (18 жасқа толмағандарға темекі және темекі өнімдерін сату) сәйкес айыпты деп танылды. Оған 7560 теңге, яғни 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген әкімшілік соттың хабарламасында.
«Азық-түлік» дүкенінде жұмыс істейтін әйел 17 жасар жасөспірімге бір қорап темекіні 85 теңгеге сатты, деп жазылды іс материалдарында.