Қарағандыда кәсіби емес кино фестивалі өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда «ТерриКон» атты кәсіби емес кино фестивалі өтеді.
None
None

«Атауы «біз туралы кино аумағы» деп түсіндіріледі», - деді ұйымдастырушылар. Бұл байқаудың бастамашысы қарағандылық «Болашақ» университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков болды. Оған қатысуға жоғарғы оқу орындарының студенттері, колледж және жоғары сынып оқушылары шақырылады.

«Байқауға төрт жанрдағы бейнежұмыстар қабылданады: әлеуметтік роликтер, авторлық өлеңдерге бейнеклиптар, ойын фильмдері және мультипликация. Қатысуға өтінімді 10 сәуірге дейін (kinofest_bolashak@mail.ru мекенжайына) жіберу қажет. Роликтердің өзін 25 сәуірге дейін студенттік «Лимонад» журналының редакциясында қабылдай береді», деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, «ТерриКон» -ға арналған топ «В контакте» әлеуметтік желісінде пайда болады.

Фестиваль барысында режиссура, операторлық және актерлік шеберліктер бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар