Қарағандыда кәсіпкерге шабуыл жасалды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін таңертең Қарағандыда 31 жастағы кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиға үйдің жанында болған. Жеңіл автокөліктен шыққан белгісіз бір ер азамат бытыралы мылтықтан бірнеше рет оқ атып, ізін жасырған. Жаралы кәсіпкер пәтеріне өзі оралып, туыстарына «жедел жәрдем» шақыртқан. Зардап шегуші қазір ауруханаға жатыр, оған операция жасалды. Туыстарының айтуынша, жағдайы ауыр. Тергеушілердің бір долбары бойынша, шабуыл кәсіпкердің бұрынғы жұмысымен байланысты болуы ықтимал. Фирмалардың бірінде коммерциялық директор болып жұмыс істеген ол қызметтен жақында шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, бұған дейін де оған пневматикалық қарудан оқ атылған, ал соңғы кездері қоқан-лоқы айтылған қоңыраулар шалынған.
Соңғы жаңалықтар