Қарағандыда «Қазақстанда жасалған» логотипі бар фармацевтикалық өнім пайда болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ««NADLoC» жергілікті үлесті дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-ның (ҚР ИДМ) өкілдері Қарағанды қаласында болды, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Көшпелі тур «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» акциясының аясында болып өтті. Агенттіктің өкілдері «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ мен «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-не барды.

Фармацевтикалық өнімдерге «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» бірыңғай логотипі салынған. Одан кейін «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ, «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС және ««NADLoC» жергілікті үлесті дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Өздеріңіз біліп отырғандай, қазіргі кезде «Қазақстанда жасалған» акциясы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Отандастарымыз ел Президентінің отандық тауар шығарушыларды қолдау, жергілікті тауарларды таңдау қажеттілігі туралы бастамасын үлкен ынтамен қабылдады. Осындай бірлескен күш салу арқылы біз жұмыс орындарын сақтап, ішкі және сыртқы нарықтарда сенімді бәсекелестік құруға мүмкіндік беретін мультипликативтік нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деді ««NADLoC» жергілікті үлесті дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қайсар Аманбаев.

Ол бірыңғай логотип нарыққа жайғастырудың әмбебап құралы болып табылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар