Қарағандыда кеденшілер экономикалық контрабанда бойынша 5 қылмыстық іс қозғады

ҚАРАҒАНДЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық кедендік бақылау департаменті экономикалық контрабанда бойынша 5 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

«2012 жылдың үшінші тоқсанында Қарағанды облысы кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері 8 қылмыстық іс қозғады. Соның ішінде бесеуі экономикалық контрабанда, екеуі есірткілік заттардың заңсыз айналымы және біреуі  суық қаруды заңсыз ұстау бойынша», - делінген КБД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратынша, экономикалық контрабанданың салдарынан келтірілген жалпы шығынның көлемі 275 млн. теңгені құрады. Тергеу нұсқасы бойынша, халықтық тұтыну тауарлары Қытайдан контрабандалық жолмен әкелінген. Хабарламада аталғандай, қылмыстық істер «Форсаж KZ», ЖШС-не, «US Logistiс» ЖШС-не, сондай-ақ темір жолмен Қытайдан «Достық» кедені арқылы «Bereke-KARGO» ЖШС және ЖК «Темірбекованың» атына әкелінген халықтық тұтыну заттары тауарларының мағлұмданбаудың үш фактісімен қылмыстық істер қозғалды.

Түркиядан кастеттер әкелген Қарағанды тұрғыны суық қаруды заңсыз ұстауда айыпталуда. «2012 жылдың 28 тамызында Анталиядан келген әуе жолаушыларының қолжүктерін тексеру кезінде одан екі кастет табылып, алынды», - деп еске түсірді КБД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар