Қарағандыда көктемде инвестициялық форум өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда сәуір айында инвестициялық форум өткізу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
None
None

«Біз шамамен сәуірде осындай форум өткізуді көздеп отырмыз. Сіздерден, БАҚ-тардан бұл шараға әлеуетті инвесторлар мен қызығушылық танытқан адамдардың көптеп келуі, инвестиция тартуға көмектесулері үшін атсалысуларыңызды сұрайтын боламыз. Әрине, форумды жан-жақты тарату бөлек мәселе», деді Н. Әбдібеков Орталық коммуникациялық қызметтің облыстық филиалы алаңының ашылуында.

Ол мұндай форумдар инвестиция тартудың тиімді тетігі екендігін атап өтті.

Бұған дейін кеншілер астанасында халықаралық «ҚарағандыИнвест» форумы үш рет өткізілген болатын. Соңғысын өңір билігі 1012 жылы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар