Қарағандыда көлігінің жүксалғышына екі еліктің етін тиеп алған браконьер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көлігінде екі еліктің еті және мылтығы бар ер адам ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда көлігінің жүксалғышына екі еліктің етін тиеп алған браконьер ұсталды

13 қаңтарда Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Бұқар жырау ауданының аумағында Қарағанды қаласының 63 жастағы тұрғыны мінген «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Аталған автокөліктің салонынан 2 еліктің еті, тегіс ұңғылы қару мен патрондар тәркіленді.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша »Заңсыз аң аулау« ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.