Қарағандыда көлік пен мотоцикл соқтығысып, екі адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда мотоцикл мінген екі адам жеңіл автокөлікке соғылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Оқиға бейсенбі күні 14 шілдеде Қарағандыдағы Бәженов пен Новонижняя көшелерінің қиылысында болған.

«Жарақаттанған мотоцикл жүргізушісі мен жолаушы қыз Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Берілген материал ҚР ҚК 345 бабы (Жолда жүру немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар жасалды, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар