Қарағандыда көліктің бағанаға соқтығысуынан екі адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыда «ВАЗ-2106» көлігі бағанаға соғылды, салдарынан екі жігіт: жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Полицияның ақпаратынша, жол-көлік апаты бүгін, түнгі сағат екінің шамасында болды.

«Қарағандыда Шығыс-5 ауданындағы сорғы стансысының маңында 19 жастағы жүргізуші көлікке ие бола алмай, бағанамен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ауыр жарақаттар алған 20 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, ол есіне келместен көз жұмды», - делінеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жылдамдықты асырған.

Жол апаты фактісі бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар