Қарағандыда көшенің қақ ортасында адамдар пышақтасты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ер адам көшеде танысын пышақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тапа-тал түсте Майқұдық шағынауданында екі ер адам мен әйел арасында жанжал туындаған. Оқиға тұрғын үйлердің ауласында, өтіп бара жатқан адамдардың көзінше болған. Әлеуметтік желіде тараған видеоны куәгерлердің бірі жазып алған. Онда келесі картинаны көруге болады: жанжалға қатысушылардың екеуі жерде жатыр. Үшіншісі - ер адам жанында тұр, ол шалбарын шешіп, әрі-бері өткендерге аяғына алған жарақатын көрсетуде.
«23 наурызда сағат 16.30-да Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны жанжал барысында 34 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын ізін суытпай анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.