Қарағандыда ҚР президенттігінен үміткер Н. Назарбаевтың облыстық қоғамдық штабы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының ғимаратында ҚР президенттігінен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық қоғамдық штабы ашылды.
None
None

Штабты «Қазақмыс» Корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай басқарады. Оның орынбасары «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Базарбаев болады.

«Штаб құрамына аймақта танымал саяси және қоғамдық қайраткерлер, кәсіпорын басшылары мен бизнесмендер кірді. Оларды қатарында - облыстық мәслихаттың хатшысы Бейсембай Жұмабеков, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов, Е.Бүкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Еркін Көбеев және тағы басқалары кірді. Штабтың мақсаты - алдағы уақытта біздің кандидатымызды, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау, сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, сенімді өкілдердің міндеттеріне де ерекше назар аудару», - деп хабарлады Э.Огай.

Соңғы жаңалықтар