Қарағандыда ҚР Судьялар одағының VI спартакиадасы басталды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында жұма, мамырдың 28-і күні Қазақстан Республикасы Судьялар одағы VI спартакиадасының іріктеу ойындары басталды.
None
None

Екі күні ішінде судьялар корпусының қызметкерлері спорттың жеті түрі бойынша сайысқа түседі: футбол, волейбол, бильярд, үлкен және үстел теннисі, шахмат, дойбы. жарысқа бес команда қатысады, олар - Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің спортшылары.

Спартакиадаға қатысушыларды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаев, облыс прокуроры Мұрат Ахметов құттықтады. «Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, ең бастысы - достықтың жеңіске жетуі», - деді облыстық соттың басшысы Е.Серекбаев.

Іс-шараның мақсаты - судьялар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ судьяның өзін өзі басқаруын дамыту, судьялар қоғамының топтасуына ықпал ету, дейді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар