Қарағандыда Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған фестиваль өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы «Шалқыма» концерт залында КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған «Қазақ Гәккуі - Күләш» музыкалық фестивалі өтеді.
None
None

Баспасөз конференциясында фестиваль ұйымдастырушыларының хабарлағанындай, оған К.Байсейітова атындағы байқаудың лауреаттары, сондай-ақ халықаралық байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Қазақстандық орындаушылардан басқа, Ресей және Әзірбайжан опера әртістері өнер көрсетеді. Бағдарламаның жүргізушісі - музыкатанушы, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері Юрий Аравин.

Салтанаттарға К.Байсейітованың туыстары шақырылды.

«К.Байсейітова өмірден 45 жасында, 1957 жылы өтті, ал біз оның 100 жылдығын атап өтудеміз. Бұл мәдениетке қатысы бар адамдардың мәні мен қажеттілігі туралы куәландырады. Адам туралы ұмытпаған кезде, ол тірі деп айтуға болады», - деді баспасөз конференциясында Ю.Аравин.

«Біз, қазақстандық қазіргі заманғы орындаушылар үшін К.Байсейітова - ең біріншіден «Қыз Жібек». Және бұл бейнеге сәйкес келу керек», - дейді К.Байсейітова атындағы республикалық байқаудың лауреаты Нұржамал Үсенбаева.

Осы арада туыстары К.Байсейітованың мерейтойына орай оның атындағы байқаудың өткізілмегенін еске түсірді. «К.Байсейтова атындағы республикалық байқау, есеп бойынша сегізінші, сонау 2005 жылы өткізілген. Өкінішке қарай, 100 жылдыққа орай байқау ұйымдастырылған жоқ», - деді Күләштің қызы, ҚР Халық әртісі, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының балетмейстері Раушан Байсейітова.

Облыстық мәдениет басқармасынан хабарлағандай, ертең салтанаттар К.Байсейтованың кіші отанында, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында өтеді. Мерейтойлық датаға арналған кеш өткізіледі. Қонақтар К.Байсейітова атындағы мектепке барады.

Соңғы жаңалықтар