Қарағандыда құны жарты миллион долларға жуық есірткі көпшіліктің көз алдында өртелді
«Қарағанды қаласының ІІБ аумағында арнайы операция нәтижесінде алынған салмағы шамамен 25 кг жуық героин өртелді. Бұл көріністі көруге полицияда есепте тұрған жасөспірімдер мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері келді», - делінген хабарламада. Жойылған есірткілік заттың «қара нарықтағы» құны шамамен 450 мың АҚШ долларын құрайды. Полиция қызметкерлері сондай-ақ есірткіні өткізбек болғандардың ұзақ мерзімге қамауға алынғанын жеткізді. «Мен героин мен оның қалай жойылатынын алғаш рет өз көзіммен көрдім. Жаза қатаң, есірткі заттарын мүлдем қолданбау керектігі туралы еріксіз ойланасың», - дейді жасөспірімдердің бірі. Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын Қарағанды облысының Шет ауданында арнайы операция нәтижесінде полиция қызметкерлері ірі көлемдегі героин партиясымен Шымкенттің жұмыссыз екі тұрғынын ұстаған болатын. Оларды тексеріліп жатқан қылмыстық іс аясында алынған жедел ақпарат нәтижесінде ұстау мүмкін болды. Бұл операцияны Қарағанды облыстық ІІД-нің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері мен ҚР Есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлері жүргізген.