Қарағандыда құрғақ әдіспен цемент шығару жөніндегі жаңа технологиялық желі қатарға қосылды - телекөпір

АНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бүгін Астанада өткен «Жаңа индустриялау - баршаға арналған жаңа мүмкіндік» атты аймақтармен жалпыұлттық телекөпірдегі локомотив жинақтау зауытының таныстырылымынан кейін Қарағанды облысы облысы байланысқа шықты, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет  басшысына құрғақ әдіспен цемент шығару жөніндегі жобалар таныстырылды. Жаңа технологиялық жүйе Теміртау қаласы маңындағы Ақтау кентіне орналасқан «Қарағандыцемент» зауытында қатарға қосылды.

«Бұл жүйе отандық құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі Сіздің тапсырмаңыздың нақты жүзеге асырылғандығының көрінісі. Бұл бізге өнім шығару көлемін екі есеге дейін ұлғайтып, жылына 1 млн. 800 мың тоннаға дейін цемент өндіруге, қосымша 240 жаңа жұмыс орнын ашуға,  ең бастысы жоғары сапалы М-500 маркалы цемент шығаруды жолға қоюға  мүмкіндік береді», - деп баяндады облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин ел Президентіне және аймақта  «елдің индустриялық-инновациялық дамуын  жедел қарқынмен жүргізу жөніндегі  берілген тапсырмалардың барлығы жүзеге асып жатыр», деп сендірді.

Өз кезегінде Н.Назарбаев Ақтау кентіндегі кәсіпорында бірнеше рет болғанын атап өтті. «Бұл өте жақсы өндіріс болатын, енді  мұнда  сұранысқа ие жаңа өнім шығарылмақ, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Қарағанды облысында индустрияны дамыту жөнінде көп жұмыстар жасалып жатыр.  Жүзеге асырылған жобалар аз емес, келесі және 2011 жылдары  бұдан да көп жобалар жүзеге асырылады. Бұл - үлкен жұмыс».

Қазақстанда цементке сұраныс үлкен. Қарағанды облысындағы  құрылыс материалдарын өндірушілер мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы арасында жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге өнім жеткізіп беру жөнінде меморандумға қол қойылды,  мұндағы «Қарағандыцемент»-тің үлесі 8 млрд. теңге (әңгіме Астана мен Алматыдағы құрылысқа 800 мың тонна цемент жеткізу жөнінде болып отыр).

 Осы күні Қарағандыда құрылыс индустриясының тағы екі кәсіпорны пайдалануға берілді. Бұлар - темірбетон құрылымы үшін  болат сымдар шығаратын «АзияМетиз» зауыты, сондай-ақ жылыту жүйесіне болат радиаторлар шығаратын «Қазтерм» зауыты.

Соңғы жаңалықтар