Қарағандыда қылмыскерлер полицияға қарулы қарсылық көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктілерді ұстау кезінде күш қолдануға тура келді, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қарағандыда қылмыскерлер полицияға қарулы қарсылық көрсетті

Оқиға 19 қаңтар күні Қарағандыдағы Чкалов көшесінде орналасқан банк ғимаратының жанында орын алған.

«53 жастағы жеке кәсіпкердің «Додж» көлігінің дөңгелегін бүлдірген екі ер адам ішінен мүлкін ұрлап әкетпек болған. Оқиға болған жерге жақын жүрген полиция қызметкерлері көмекке келіп жетті. Алайда күдіктілер тәртіп сақшыларына пышақ кезеп, қарсылық көрсеткен. Полиция оларға жекпе-жек әдістерін қолдануға мәжбүр болды», - делінген хабарламада.

Ұсталғандар - Теміртау қаласының 26-28 жасар тұрғындары. Қазір осы қылмыс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, екі жігіт уақытша ұстау абақтысына қамалды.