Қарағандыда Қылмыстық іздеу қызметкерлері күні атап өтілді

«Сіздер, қылмыстық іздеу қызметінің қызметкерлері, полицейлердің бейнесін қалыптастырасыздар. Себебі, аймақтағы жедел жағдайдың тұрақтылығы сіздердің атқарған жұмыстарыңызға тәуелді», - деп атап айтты құттықтау сөзінде Қарағанды облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров.
Полицияның үздік жедел уәкілдері құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қолдау бойынша қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, жұмыста маңызды нәтижеге қол жеткізгені және адал қызметі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.
«ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен қылмыстық полицияның 10 қызметкері марапатталды. Қарағанды облысы ІІД бастығының бұйрығымен 23 қызметкерге мақтау қағаздары тапсырылды, 17 қызметкер алғысхаттармен марапатталды. Бір қызметкер медальмен және тағы бір қызметкер төсбелгімен марапатталды», - деп нақтылады облыстық ІІД баспасөз қызметінде. Сонымен қатар, қылмыстық іздеу қызметі ардагерлеріне алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.