Қарағандыда Қылмыстық іздеу қызметкерлерінің күнінде полицейлер қаза тапқан әріптестерін еске алды

ҚАРАҒАНДЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ІІД-де бүгін Қылмыстық іздеу қызметкерлерінің күніне арналған шаралар болып өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына сыйлықтар берілді.

«Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Қарағанды облысында қызметтерін атқару кезінде 4 қызметкер қаза тапты. Қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан Қарағанды қалалық қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкері, милицияның аға сержанты Нұрлан Байғаскин, Топар полиция бөлімі қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Алданыш Тайғожин қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан соң ІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», - деп еске салды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратынша, Қылмыстық іздеу күнінің құрметіне Қарағанды облысының бірқатар жеделшілері марапатталды. «ІІД-нің грамоталарын 18 адам алды, бесеуіне қол сағаттар берілді, 58-і ақшалай сыйақылар алды, жетеуіне Алғыс хаттар табысталды, 27-сіне алғыс жарияланды», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар