Қарағандыда Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған жас ақындар байқауы өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда танымал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Мен жастарға сенемін!» атты жас ақындар байқауы өтті.
None
None

Мәдени шараны Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

«Мағжан Жұмабаев - ұлы жазушы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Біздің байқаудың мақсаты - Жұмабаев пен басқа да қазақ ақындарының шығармашылығын насихаттау ғана емес, сонымен бірге жас ақындарды тауып, қолдау көрсету, көркем әдебиет пен мемлекеттік тілдің танымалдығын арттыру», - деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Мирас Құттыбай.

Байқау 14 пен 25 жас аралығындағы жастар арасында болды. Оған қатысуға 40 өтінім түсіп, тек 12 адам ғана ақтық мәреге жолдама алды. Еліміздің мәдениет қайраткерлерінен жасақталған төрешілер шешімімен бас жүлде «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Жәнібек Аламанға берілсе, екінші орын полиция қызметкері Қуаныш Медеубаевқа, ал үшінші орын мәдениет басқармасының қызметкері Рауан Қабидолдинге бұйырды. Лауреаттар дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар