Қарағандыда Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін!» атты жыр мүшәйрасы өтеді

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің қолдауымен, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және «Тіл және Рух» жастар басылымының ұйытқы болуымен өткізіліп отыр.
Мүшәйраның мақсаты - Ұлтымыздың ұлы ақыны, Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың өміршең шығармашылығын насихаттап, ұлттық поэзия арқылы жастарды рухани байлыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке, өршілдікке тәрбиелеу және жас ақындарды тауып оларға қолдау көрсету, көркем әдебиет пен тіл мәдениетін жандандыру.
Жыр мүшайрасына облыстың барлық аймақтарынан қырықтан астам үміткер туындылары келіп түсті. Ереже талабына сай таңдаулы 12 ақынның өлеңі іріктеліп алынады.
Жыр мүшәйрасына еліміздің және өңірдің белгілі ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері және жастар көрермен ретінде қатысады.