Қарағандыда мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының арқасында мектепке дейінгі мекемелердің саны артуда
![None None](/static/img/plug.webp)
«Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында Қарағандыда мектепалды даярлық мекемелері желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Аққу» балабақшасына енді тағы да 200 бала бара алады. Ағымдағы жылдың соңынан дейін тағы да 690 орындық үш бала бақша құрылысын бастау жоспарлануда», - деді мерекелік шараға қатысқан қала әкімі Бауыржан Әбішев.
Мектеп жанындағы шағын орталықтар балабақша құрылысын іске асыруға мүмкіндік жоқ, тұрғындар аз орналасқан аудандардағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, деп аталып өтілді ашылу салтанатында.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 11 800 кішкентай қарағандылықтар балабақшаға барып жүр және де балабақшамен қамту 70%-ды құрап отыр. «Жылдың аяғына дейін балаларды балабақшамен қамтуды 73%-ға жеткізу жоспарланып отыр»,-дейді қалалық білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Светлана Чжао.
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылдың соңына дейін Қарағандының «Кең дала» шағынауданына 320 орындық жаңа балабақшаны пйдалануға беру жоспарланып отыр. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 540 млн. теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар, 150 млн. теңгеге екі балабақша қалпына келтіріледі.
Сондай-ақ «Жол картасы» бағдарламасы бойынша биылғы жылы Қарағандыға төрт балабақшаның жөндеу жұмыстары үшін 200 млн. теңге қаржы бөлінген.