Қарағандыда мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында флорболдан республикалық жарыс өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда мүмкіндіктері шектеулі балалардың арасында флорбол (қатты еденде доппен және арнайы сырғытпа таяқпен командалық ойын) бойынша республикалық жарыс басталды,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметінен.

«Жарыстарға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларының арнайы түзеу мектеп-интернаттарының, балалар үйлері мен медициналық-әлеуметтік мекемелерінің 200-ден астам тәрбиеленушілері қатысуда», - делінген хабарламада.

Бәсекені Қазақмыс тобы қаржыландырды. Компанияның ақпаратынша, оның өткізілуіне 2,6 млн. теңге бөлінді.

Жарысты ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Ол 12-14 қазан аралығында «Локомотив» спорт кешенінде өтуде.

Соңғы жаңалықтар