Қарағандыда нәубат жылдарды арқау еткен «Қара орамал» кітабының таныстырылымы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда кеше, 29 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының І орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер кеші өтті.
None
None

Ақиық ақынның нәубет жылдарды арқау етіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қара орамал» аза дастаны «Болашақ» баспасынан орыстың белгілі ақыны Надежда Чернованың аудармасымен екі тілде жарық көріп, оқырмандарға жол тартқан болатын.

Қазіргі қазақ өлеңінің тың өрісін, бүгінгінің бүтін сөзін көрсеткен аталмыш кітаптың тұсауын қазақтың қазыналы қарттарының бірі, белгілі қоғам қайраткері Қасымбек Медиұлы кесіп, ақынға шалқар шабыттар тіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Жұмабеков, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, ақын Серік Ақсұңқарұлы поэма-реквием жайында ордалы ой қозғап, шырайлы шығарманың құндылығын сөз етті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өткен аталмыш кешке Ғалым ақынның қаламдас аға-бауырлары, Арқа жұршылығына аты мәлім белгілі өнер майталмандары қатысты, деп хабаарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар