Қарағандыда найзағай жергілікті арнаның жұмысын 5 сағатқа тоқтатты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында найзағай түсіп, жергілікті «5 арна» телеарнасының жабдықтары істен шықты. Сондықтан, хабар тарату 5 сағатқа үзілді, деп хабарлады аталған арнаның жаңалықтар қызметінің бас редакторы Рушан Бараев.
None
None

«Найзағай түсіп, хабар тарататын жабдық өртеніп кетті. Эфирлік және жұмыс компьютерлері, жергілікті жүйе істен шықты. 5 сағаттан артық жөндеуден кейін ғана басқа желі арқылы хабар тарату мүмкін болып отыр»,- деді Р.Бараев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.
Телеарна өкілінің айтуынша, жабдықты қалпына келтіруге айтарлықтай қаржы қажет.

Соңғы жаңалықтар