Қарағандыда неміс киносының апталығы өтіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда, «Сарыжайлау» кинотеатрында неміс киносының апталығы басталды.
None
None

«Бұл іс-шара Қазақстандағы Германия жылы аясында өткізіліп отыр. Мемлекетаралық достастықтың даму бағдарламасы тек елордасы - Астана мен іскерлік орталығы - Алматыда ғана емес, республика аумақтарында өтіп жатқандығы қуантады», - дейді ұйымдастырушылар облыстық мәдениет басқармасына алғыстарын білдіре отырып.

Қарағандылықтарға орыс тілді субтитрларымен қазіргі неміс киноматографиясының ең таңдаулы картиналары ұсынылған. Барлық сеанстарға кіру тегін.

Ашылу салтанатында неміс тілін үйренуші студенттер сөз сөйледі. Артынша танымал неміс режиссері Фатих Акиннің «Солино» (2002г.) фильмі көрсетілді. Көрермендер сондай-ақ немістің эксперименттік музыкалық бейнеклиптерін де тамашалай алады.

Қарағандыдағы неміс киносы апталығының ұйымдастырушылары - Тіл үйрету орталығы (Гете институтының әріптесі) мен Неміс академиялық алмасу қызметі.

Соңғы жаңалықтар