Қарағандыда «нұротандықтар» партияның ХV съезінде алға қойылған міндеттерді талқылады

«Съезде сөйлеген сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жиынның Қазақстанның жаңа тарихының өтпелі кезеңінде өтіп жатқанын атап айтты. Және съездің негізгі міндеті - біздің 2050-Стратегиясында белгіленген ХХI ғасырдың ортасындағы барлық ұлы мақсаттарымызға қол жеткізудегі «Нұр Отан» партиясының рөлі мен саяси мәнін анықтау. Мемлекет басшысы партияның XXI ғасырдағы жетекшілігінің жеті бағытын ұсынды. Осы бағыттарға қарап, біздің облыстық партиялық ұйымымыздың алдағы жұмысын жоспарлауымыз керек», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.
Өңір басшысы кәсіпорындар мен ұйымдарда съезд материалдарын түсіндіру және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. «Сіздер жергілікті жерлерге съездің рухын жеткізулеріңіз тиіс», - деді ол ХV партиялық съезд делегаттарына.
Саяси кеңес отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.