Қарағандыда облыс әкімі аппараты жетекшісінің жаңа орынбасары тағайындалды

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов аппараттық жиналыста команданың жаңа мүшесін таныстырды.
«Болат Бақытжанұлы Байкенов облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды», - деді Ерлан Қошанов.
Бұл лауазымда ол корреспонденцияны бақылау, заңдық сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік етеді.
36 жасар Б.Байкеновтің екі жоғарғы білімі бар. Орталық-Азия Университетін, Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика және бизнес бакалавры.
Мемлекеттік қызметте 2010-шы жылдан бері жұмыс істеп келеді. ҚР Президентінің Іс басқармасында қызмет еткен.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы болған. 2013-ші жылдың қыркүйегінен бастап осы күнге дейін ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде кеңесші, заң бөлімінің сектор меңгерушісі, секретариаттың бас инспекторы қызметтерін атқарған.