Қарағандыда облыстық сот жол-көлік апаттарының орын алуына кінәлі болғандардың жазасын күшейтті

«Соттың бірінші инстанциялары адам өліміне әкеп соққан жол-көлік апатының орын алуына себепші болғандарға қатысты шартты жазалау шарасын белгіледі. Апелляциялық сот коллегиясы қоныс-колония мекемесіндегі жазаның мерзімін өзгертті», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
«Үстіміздегі жылдың ақпан айында Теміртауда жол-көлік апатының салдарынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. «Жол полиция бөлімі инспекторы басқаруындағы автокөлікке «Lexus Es 350» көлігі соғылған. Шетелдік көліктің ішінде мас жүргізуші болған. Жол полицейі емханаға жеткізілді, ал оның қасындағы жолаушы-күзет қызметі батальонының қызметкері, өкінішке қарай, оқиға орнында көз жұмды.
Автотехникалық сараптама сот-комиссиясының қорытындысына сәйкес, Lexus автокөлігінің жылдамдығы сағатына 140 шақырымды құраған», деп хабарлады облыстық сот.
Теміртау қаласының соты сотталушыға қатысты шартты жазалау шарасын қолданды. Апелляциялық сот алқасының қаулысымен мас күйінде сол автокөлік рөліне отырған сотталушыға қатысты Теміртау қалалық сотының күшіне енген үкім өзгертілді, қолданылған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63 бабының күші жойылды. Жол-көлік апатына себепші болған азамат көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылумен 3 жылға сотталды. Ол өз жазасын қоныс-колония түзеу мекемесінде өтейді», - делінген хабарламада.