Қарағандыда ондаған зейнеткерді алдаған алаяқ әйел ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, зейнеткерлерді алдаған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алаяқтан жапа шеккендердің қатары артуы мүмкін. Өйткені ол облыс аумағында қылмыстық ойын жүзеге асырған.

«Жапа шегушілер ретінде әйел жалғыз тұратын зейнеткерлерді таңдаған. 89 жастағы қариядан алаяқ шамамен жарты миллион теңгені қолды етті», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 39 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер бұл адамның арбауына іліккен өзге азаматтарды іздестіруде. «Егер сіз көрсетілген азаматшаны танысаңыз немесе оның әрекеттерінен зардап шексеңіз Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция бөліміне 40-78-44, 40-78-48, 40-78-46, 51-06-91, 51-65-97 немесе 102 номерлеріне хабарласыңыздар. Мекен жайы: Қарағанды қаласы, Терешкова көшесі, 36 үй», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар