Қарағандыда опырылып құлаған үйдің тұрғындары далада қалмайды - қала әкімі

ҚАРАҒАНДЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Бесоба» тұрғын үй кешенінің құлаған бөлігінде тұратын бірде-бір адам далада қалмайды, деп мәлімдеді Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішев.
None
None

«Тұрғындардың ешқайсысы далада қалмайды. Барлығына ақшалай өтемақы төленеді немесе жоғалтқан баспанасының орнына жаңасы ұсынылады», - деді Б. Әбдішев. 

Қажетті құжаттарды жинаумен бастамашыл тобтың мүшелері айналысады, сонымен қатар қала әкімдігінде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша арнайы жұмыс тобы құрылатын болады.

Қала әкімі уәде еткендей, өтемақы төлеу кезінде үйінділердің астында қалған мүліктің бағасы ескеріледі. «Көмек көрсету қала әкімдігінің төтенше жағдайлар резервілік қоры есебінен жүзеге асырылады. Қаражат жетпеген жағдайда, облыстық бюджеттен көмек сұраймыз», - деді ол. Қазіргі уақытта резервілік қорда шамамен 300 млн. теңге бар.

Қала әкімі мәлім еткендей, алдағы таяу уақытта қажетті барлық жедел-тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, үйінділерді қопаружұмыстары басталады. Әкімнің сөзіне қарағанда, геодезиялық зерттеу растағандай, үйдің аман қалған бөлігіне қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар