Қарағандыда өртенген сауда үйінің мүлкін ұрлатпау үшін полиция күзеті қойылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өртке оранған «1 000 мелочей» дүкенінде бутиктердегі мүліктердің ұрлануын болдырмау үшін полиция күзеті қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қарағандыда өртенген сауда үйінің мүлкін ұрлатпау үшін полиция күзеті қойылды

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, осы мақсатқа ішкі істер органдарының күштері мен құралдары тартылған.

«Оқиға орнында 80 өрт сөндіруші жұмыс істеуде, жалпы 20 арнайы көлік жұмылдырылған», - деді Бақытжан Құдияров.
Нақтыланған мәлімет бойынша, өртенген тоғыз қабатты үйден 120 тұрғын эвакуацияланған .


ФОТО/ ҚазАқпарат тілшісі