Қарағандыда өртке қарсы қызметтің жаңа мамандары ант қабылдады

ҚАРАҒАНДЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыда Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында өртке қарсы қызметке жаңадан қабылданған азаматтар ант берді.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметінен хабарлады.

 Ведомствоның ақпарынша, 17 жаңадан алынған азамат өртке қарсы қызметке және Отанға адалдық антын қабылдады. Салтанатты шара дәстүр бойынша қаза тапқан өрт сөндірушілердің ескерткішінің қасында өтті.

 «Салтанатты рәсім аталарымыздың ерліктерін тарихтың есінде кезекті рет мәңгі сақтау үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығын мерекелеуге қарсы орайластырылған», - деп атап өтеді құтқарушылар.

 Жұмысына енді кірісіп жатқан қызметкерлер өртке қарсы қызмет көрсету мектебінде дайындықтан өтті және енді облыстық өртке қарсы бөлімшелерде қызмет етеді.

 «Ант мәтінін айта отырып, сіздер Қазақстан Рсепубликасына адал қызмет етуге, адамдардың өмірлері мен олардың мүліктерін өрттерден қорғап, бұл ретте заңнаманы және мемлекетіміздің басты құжаты - Конституцияны сақтауға міндеттенесіздер. Қызметтеріңіз алға бассын», - деді облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің бастығы міндетін атқарушы, өртке қарсы қызметтің полковнигі Бүркіт Мұқашов.

Соңғы жаңалықтар