Қарағандыда өткен марафонға 5 мыңға жуық адам қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен «Арманға жол» жартылай марафоны өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ААҚ тілшісі.
None
None

Ауқымды шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен жеңіл атлетика федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

«Марафонға шамамен бес мың адам қатысты. Біз осынша адам қатысады деп күткен жоқпыз. Бұл жартылай марафон тарихындағы рекордтық көрсеткіштердің бірі деп есептеуге болады»,- деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова.

Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгіре алды. «Арманға жол» атты 21 шақырымды құрайтын жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысты. «Спутник» деп 10 шақырымды құрайтын марафон 16 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. 5 шақырымды құрайтын «Достық» марафонына жүгіруге икемі барлардың бәріне қатысты. Сондай-ақ төртінші яғни 1 шақырымды қамтитын «Балапан» марафонында 10 жасқа дейін балалар жүгірді. Марафонның жалпы жүлде қоры - 4 миллион теңге.

Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтарды өңір әкімі Ерлан Қошанов пен атақшы марафоншы Марат Жыланбаев тапсырды.

«Қарағанды спортты жақсы көретіндердің қаласы. Осы марафонның көптеген қатысушылары ұзақ ара қашықтықты жеңіл бағындырды», - деп түйді атақшы марафоншы.

 

Соңғы жаңалықтар