Қарағандыда өткен семинарда жасы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу әдістері талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Бүгін Қарағандыда «Жасы кәмелетке толмағандар арасында, оның ішінде оқу орындарының оқушылары арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» деген тақырыпта учаскелік және жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға арналған семинар-кеңес болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл іс-шара облыстық ішкі істер департаменті мен балаларды қорғау департаменті ұйымдастырды. Оның басты мақсаты ? балалармен және жасөпірімдермен жұмыс істейтін полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру. Семинарда судьялар, қамқорлыққа алу және балаларға көмек көрсету бөлімінің өкілдері сөз сөйледі. Ұстаудың айрықша тәртібіндегі білім берудің арнайы ұйымдарындағы және мекемелеріндегі құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға бейім, жасы кәмелетке толмағандарға байланысты проблемалық мәселелерге көңіл бөлінді. Ата-ана құқықтарынан айыруға қатысты мәселелер талқыланды. Тренинг өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша жасы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу бойынша жұмыстарды жандандыруға арналған ұсыныстар әзірленді.
Соңғы жаңалықтар