Қарағандыда пиццерия жанында жасөспірімді соққыға жыққандар анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция Қарағанды қаласындағы пиццериялардың бірінің жанында жасөспірімді соққыға жыққандардың кім екенін анықтады, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

«Полиция бөліміне 38 жастағы әйел шағым түсіріп, қаладағы пиццериялардың бірінің жанында жасөспірім баласын белгісіз біреулердің соққыға жыққанын айтты. Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында төбелееске қатысқандардың кімдер екені белгілі болды»,- деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы, 2-ші бөлігі «Топ болып ұйымдасып, бұзақылық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Бұған дейін Қарағандыдағы пиццериялардың бірінде орын беруден бас тартқан жасөспірімді белгісіз біреулердің сабап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Төбелес мекеменің бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрда баланы теуіп жатқан сәттер жазылған және ақ қарда қан іздері байқалады.

Соңғы жаңалықтар