Қарағандыда «Погон таққан арулар» атты сайыс өтті

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде қызмет ететін әскери-қызметші әйелдер арасында «Погон таққан Арулар» атты байқау өтті. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Байқау талабының бір ерекшелігі қыздар біріншіден өздерінің дене тәрбиесі әзірлігі мен жауынгерлік дайындығын, содан кейін барып сыртқы сұлулығын, іскерлігін көрсетуі тиіс болды.

Бұл үшін байқауға қатысушылар автоматты бөлшектеуден, жинаудан, тапаншадан атудан, жалпы әскери қорғану киімін киюден, жүгіруден, тартылудан сайысқа түсті. Байқаудың бірінші кезеңін табысты аяқтаған он үміткер «Погон таққан Арулар» атағы үшін күресті жалғастырды.

Екінші бөлімде қыздар аспаздық шығармашылықтан, өз ойларын әдемі әрі анық жеткізуден, актерлік шеберліктен жарысқа түсті.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери қызметшісі, келісім шарт қызметінің сержанты Айжан Төлеубаева иемденді.

Соңғы жаңалықтар