Қарағандыда полиция «өлі жандарды» әкімшілік жауапқа тартқан - прокуратура

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда прокурорлар полиция бөлімдерінде жүргізілген тексерулердің нәтижесінде өлген адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактін анықтады. Бұл туралы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның прокуратура бөлімінің бастығы Асхан Касенкин хабарлады.
None
None

«2009 жылдың тамыз айында Қарағанды Ішкі істер басқармасы Оңтүстік-Шығыс бөлімінің учаскелік инспекторы К.Жексеков қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін К., деген азаматқа әкімшілік шара қолдану туралы қаулы шығарған, бірақ ол азамат, адамның өлгені туралы куәлікке сәйкес, 2009 жылдың мамыр айында қайтыс болған», дейді А.Касенкин.

Прокурорлар сондай-ақ, полицейлердің заңды бұзбаған азаматтарға да айыппұл салу фактілерін анықтап отыр.

«Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасының Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Б.Сафаров 2010 жылдың маусым айында рұқсат етілмеген жерге қоқыс төкті деген айыппен, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін О., азаматты әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарып, 238 теңге сома айыппұл салған. Бірақ прокуратура жүргізген тексерудің барысында әлгі азамат, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама мен әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны бірінші рет көріп тұрғанын, оларға ешқашан қол қоймағанын және аталған әкімшілік құқықбұзушылықты жасмағанын айтқан», - дейді прокуратура бөлімінің бастығы. Прокурордың айтуынша, осы мазмұндас тағы үш әкімшілік материалдың толтырылғаны анықталған.

Аудан прокуратурасы аталған фактілер бойынша жете тексеру және қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін іс материалдарын қаржы полициясы департаментіне жолдады.

Соңғы жаңалықтар