Қарағандыда «Полиглот» байқауы өз мәресіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық бөлімшелер мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің үш тілді меңгерген қызметкерлері арасында «Полиглот» облыстық байқауы өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

ТЖД басшысы И.Күлшімбаев осы сынның жеңімпазы алдағы республикалық байқауға баратынын жеткізді.

Байқаудың мақсаты - Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру, үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сайысқа қатысушылардың алға қойған міндеттер өздерінің тіл білу білімдерін көрсету болды. Бірінші кезеңде қатысушылар көрермендер мен әділ қазылар алқасына өздерін үш тілде  таныстырды (қазақ, орыс, ағылшын).

Келесі кезеңде мемлекеттік тілде берілген төтенше жағдайлардың 10 терминінің орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқасын жазу қажет болды. Бұдан әрі қатысушылар экранда көрсетілген мәтіннің орыс және қазақ тіліндегі нұсқаларын аударды және сайыс соңында жеребе арқылы қатысушылар өздерінің ән айту, би билеу, күй орындау және өлең оқу өнерлерін ортаға салды.

Байқау үміткерлерінің білімдерін бағалау кезінде, тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуына, жауаптың сапасы мен мазмұндылығына аса мән беріледі. «Полиглот» байқауының қорытындысы бойынша 1 орынға Айгерім Жанатқызы 55 ұпаймен ие болды, екінші жүлделі орынды 47 ұпаймен Еркін Әділбекұлы алды, ал үшінші орынды 45 ұпаймен Дулат Төлешұлы иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

1 орынды иеленген Айгерім Жанатқызы қазан айында Қарағанды облыстық ТЖД атынан Өскеменде өтетін республикалық байқауға қатысады. 

Соңғы жаңалықтар