13:13, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағандыда прокурорлар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында прокуратура органдары халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ҚазАқпарат тілшісіне облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағанындай Октябрь ауданы прокуратурасының қызметкерлері ведомстволық қарауындағы аумақта орналасқан 29 ірі кәсіпорынға шыққан.«Кәсіпорынның жұмысшыларымен және қызметкерлерімен болған кездесуде еңбек, тұрғын үй, әкімшілік заңнамасының ең өткір мәселелері бойынша сұхбаттар өткізілді. Кейбір заңдардың ерекшеліктері түсіндірілді, қылмыстық істің жайы көрсетілді, аудандағы заңнамалықтың жай-күйіне баға берілді», - деп түсініктеме берді талқыланған мәселелерге баспасөз қызметіндегілер.