Қарағандыда самауырлардың көрмесі өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда алғаш рет самауырлардың көрмесі ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме «Медведь» деп аталатын қалалық трактирлердің бірінің қарсы алдында өтті. Оған 35 жәдігер ұсынылды, олардың ішінде антикварлық бұйымдар да бар. Апта бойы жалғасатын көрменің келушілері орыс халқының тұрмыстық үлгілеріне сүйсініп қана қоймайды және самауырларды тұтату, шай демдеу бойынша конкурстарға да қатыса алады.

Зейнеткер Надежда Широкова осы көрмеге, оның сөзіне қарағанда 135 жылдық тарихы бар самауырды әкелген. Самауыр иесі оның әлі күнге дейін дастарқан шырайын келтіруге жарап тұрғанын іс жүзінде көрсетті.

26 жасар қарағандылық Владимир Поливкин самауыр тұтатудан өз шеберлігін көрсетті. Осы істі әжесінен үйренген ол 8 жылдан бері бұрқыратып шай қайнатумен келеді.

Соңғы жаңалықтар