Қарағандыда «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жемқорлық қылмысын жасауда күдікті танылған «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әбілда екі айлық мерзімге қамауға алынды, деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотынан.
None
None

«Сот 2015 жылдың 23 наурызындағы қаулысымен Т.Әбілданың екі айлық мерзімге қамауға алынуын санкциялады. Ол ҚР ҚК-нің 176 бабының 4 бөліміндегі «б» тармақшасы (өзіне сеніп апсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша қарастырылған жемқорлық қылмысын жасауға күдікті болып танылды», - деді Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

Соттың мәліметтеріне қарағанда, Т.Әбілда 21 наурыз күні кешкі уақытта ұсталды.

44 жастағы Т.Әбілда 2012-2014 жылдары «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болып қызмет атқарған. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша орынбасары, Қарағанды қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары қызметінде болды. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жүйесінде жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар