Қарағандыда саябақта көлікпен «қыдырған» 24 жастағы қыз айыппұл төлейтін болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда джиппен саябақта жүрген қызға 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады «ОСА» қоғамдық бірлестігінен.
None
None

«Қарағандылық полиция 1991 жылы туған азаматшаға Орталық саябақта көлікпен жүргені үшін 60 мың теңге көлемінде айыппұл салды», делінген қоғамдық бірлестік сайтындағы хабарламада. «ОСА» ҚБ куәгерлер түсірген видеоны сайттарына орналастырған. Сонымен қатар, бірлестік жетекшісі Руслан Лазута полицияға жүргізушіні әкімшілік жазаға тарту туралы өтініш жазған. Тексеру жұмыстарынан кейін, полиция BMW X5 көлігінің жүргізушісі анықталғанын хабарлады. Жауапқа сәйкес, 24 жастағы жүргізуші қызға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдың жалпы көлемі 59 460 теңгені құрады. Оқиға 2015 жылдың 15 мамырында орын алған. «Орталық саябақтағы Ақ қайыңдар аллеясына жүргізуші қыз BMW көлігімен келіп, саябақта серуендеп жүрген азаматтар мен балаларға кедергі келтірген», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар