17:33, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Қарағандыда «Шахтер» стадионы маңында жаппай төбелес болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Шахтер» стадионының маңында 15 адамның қатысуымен төбелес орын алды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«21 қараша күні таңертең полиция қызметкерлері «Шахтер» стадионы маңында құқықбұзушылық әрекеттерге тоқтау салды. Жанжалдың барлық қатысушылары ұсталып, полиция бөліміне тапсырылды, болған оқиғаның жай-жапсары анықталуда», - делінген хабарламада. Төбелес дерегі бойынша ҚР ҚК 239 бабының 2 тармағы «бұзақылық» бойынша соталды тергеу жүргізілуде. ІІД-нің баспасөз қызметінде 15 адамның ұсталғанын нақтылады.