Қарағандыда шіркеуден садақаға арналған жәшікті ұрлаған қала тұрғыны қолға түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда шіркеуге жасырынып кіріп, садақаға арналған жәшікті алып кеткен 25 жасар қала тұрғыны қолға түсті.
None
None

10 қаңтар күні белгісіз біреулер Михаил Архангелск шіркеуіне жасырынып кіріп, садақаға арналған жәшікті ұрлап алып кеткен. Шіркеудің ішіне кірген ұры сыртқы терезені сындырған.

Ұрлық «Винс» лақап атты қызметтік іздестіру итінің көмегімен ашылған.

«Дереу көтерілген дабыл бойынша полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде 25 жасар қала тұрғынын қолға түсірді. Құрыққа іліккен ұры өзінің кінәсін мойындады, бүгінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда», деп хабарлайды Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар