Қарағандыда сот ісін студенттер өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында азаматтық іс бойынша модельді сот ісі өтті.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Сотты «Болашақ» колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алатын студенттер өткізді. Олар өз араларынан судьяны, прокурорды, арызданушылар мен жауап берушілерді таңдады.

«Импровизацияланған соттық дау-дамай лизингілік құқық қатынастарына арналды. Дау-дамайға негіз - істен шығып қалған комбайн болды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Мәжілістің барысын талқылаған сот төрешілері студенттердің жақсы дайындығын атап өтті.

Көрсетілімдік сот ісінің қатысушалары сот төрешілерінен грамоталар алды.

Соңғы жаңалықтар