Қарағандыда сот орындаушысы борышкерлерді әлеуметтік желілерден тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда сот орындаушылардың бірі борышкерлермен әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың жолып тапты, деп хабарлайды Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағандылық сот орындаушылардың бірі әлеуметтік желіден сотқа шақыру қағазын елемей, бой тасалап жүрген үш борышкерді тауып алды. Ол желідегі суретінің астына шұғыл келуін ескертіп пікір жазып, мекен-жайды көрсеткен. Сондай-ақ, ол сайтқа кіру айқақты дәлел ретінде сотта қолданылатынын ескертті», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әсел Ахмалишева.

Бұл әдіс өз нәтижесін берген.

«Үш борышкердің барлығы сот орындаушысына келіп, қарыздың жартылай төленгенін растайтын түбіртекті алып келді», - деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, сот орындаушысының бұл әдісін оның басқа әріптестері де тәжірибеге енгізе бастаған екен.

Жалпы, сот жүйесінде шақыртудың бірнеше түрі қолданылады. Атап айтқанда, ескерту борышкерге хат немесе телеграмма арқылы жіберіледі. Сондай-ақ телефонограмма, SMS-хабарлама түрінде, ал кей жағдайда ескерту электрондық поштаға жолданады.

Соңғы жаңалықтар