Қарағандыда студенттер арасында VIІ республикалық пәндік олимпиада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 2-3 сәуірінде VIІ республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиада өтеді, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
None
None

«Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Оған дефектология мамандығы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының күндізгі және күндізгі қысқартылған бөлімінің 2-3 курс студенттері қатыса алады. Оқу орындары құрамында 4 студенттен аспайтын 2 топты (қазақша және орысша тілді) ұсына алады. Команданың міндетті түрде жетекшісі болуы қажет», делінген хабарламада.

Олимпиаданың мақсаты болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады. Сондай-ақ ауқымды шара студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдыруды және олардың кәсіби қызығушылықтарын жоғарылатуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар