Қарағандыда су тазарту ғимараттары жаңғыртылып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандыда бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

«Облыс әкімі «Қарағанды Су» ЖШС-да болды. Онда №3 сорғы стансасын, су тазарту ғимараты кешенін, зертхана мен диспетчерлік пунктті көрді. Соңынан өңір басшысы жиын өткізді. Онда сумен жабдықтау кәсіпорны қызметінің қорытындысы мен инвестициялық бағдарламаның жүзеге асуы талқыланды», - делінген хабарламада.

«Қарағанды Су» ЖШС басшысы Табиғат Зейнұлқабден хабарлағандай, су тазарту ғимаратын қалыпқа келтіру бекітілген кесте бойынша жүзеге асып жатыр.

«2013-2015 арналған инвестициялық бағдарлама аясында барлық сорғы стансалары автоматтандырылды. Осылайша көп қабатты үйлерге тәулік бойы су жеткізу қамтамасыз етілді. 2016-2017 жж тағы 4 сорғы стансасы жаңғыртылып автоматтандырылмақ», - деп ақпараттандырды кәсіпорын басшысы.

Мұнда 2014 жылы диаметрі әр түрлі ұзындықтағы 4,7 км құбыр тартылды, 2015 жылы тағы 6,5 км құбыр салу жоспарланған.

Облыс әкімі кәсіпорын басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді.

Н. Әбдібеков сонымен қатар Достық үйінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ ол әкімі ҰБТ сынағы өтетін Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да болып, жауапты сынға дайындықты тексерді.

Соңғы жаңалықтар